12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Адам үшін ең маңыздысы оның саулығы. Денсаулығың болмаса, еңбекке де жарамай қаласың. Мектептерде оқушыларға денешынықтыру пәні не үшін өтеді? Балалар кішкентайынан дене жаттығуын жасап үйренсін, денсаулықтары зор болсын дейді. Мектепте түрлі спорттық үйірмелер бар. Мен қазақша күрес үйірмесіне қатысып жүрмін. Менің таңдауым − салауатты өмір. Сондықтан күнде таңертең таза ауада жүгіремін. Аулада жаттығу жасаймын.

Біздің денсаулығымызды құртатын не? Зиянды әдеттер. Бір ғана есірткінің өзі бір адамның өмірін құртып қоймай, айналасына зиянын тигізеді. Есірткінің құрамындағы улы зат адамның денсаулығына кері әсерін көп. Қазір жастар арасында оның синтетикалық түрі тарауда. Дәріге ұқсас қолдан жасалған. Полиция қызметкерлері оны заңсыз сатушылардың жолын кесумен әлек. Әйтседе тұрғын үй қабырғаларына графитти жазулары арқылы жарнамалап жүр. Әлеуметтік желі арқылы онлайн жасырын сатуда. Сатушы мен сатып алушы кездеспейтін бұл әдіс балалар мен жасөспірімдер үшін өте қауіпті. Себебі менің замандастарымның бәрінің әлеуметтік желіде парақшалары бар. Ата-ана бақыладым дегенмен, балалықпен алданып қалуы мүмкін. Бір ғана шалыс қадам басу, бүкіл өмірге зиян.

Мен есірткісіз ғажайып өмірді таңдаймын. Себебі армандарымның орындалғанын қалаймын. Менің арманым − полиция қызметкері болу. Балалар мен жасөспірімдерді қылмыскерлер құрығынан құтқарып, генерал болғым келеді. Анамды қуантып, жақындарыма қолқабыс етсем ғой. Әкем көрмей кеткен қуаныштың бәрін анама көрсетсем екен. Бұл мақсатқа жетуіме нашақорлықтың бөгет болғанын қаламаймын. Достарымды да, замандастарымды да әлеуметтік желіде абай болуға шақырамын.

#Есірткігеқарсыбайқау

Мейірлан ЖОРАБЕКҰЛЫ,
№41 М.Шоқай атындағы орта мектептің оқушысы,
М. Шиелі ауданы Шоқай ауылы

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...

НОВЫЕ ТРЕБОВАНИЯ ПО НДС

В ВКО УСПЕШНО РЕАЛИЗУЕТСЯ ПРОЕКТ «БИЗНЕС И НАЛОГИ». В...

СТРАТЕГИЯ ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНОГО СОГЛАСИЯ

ВОПРОСЫ УКРЕПЛЕНИЯ ГРАЖДАНСКОГО ЕДИНСТВА, СОХРАНЕНИЯ МЕЖЭТНИЧЕСКОГО СОГЛАСИЯ И ФОРМИРОВАНИЯ...

СОДЕРЖАТЕЛЬНЫЙ ДИАЛОГ

В КАРАГАНДИНСКОМ ОБЛАСТНОМ СУДЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПРИУРОЧЕННАЯ К 25-ЛЕТИЮ...