12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР – МЫҚТЫЛАРДЫҢ ТАҢДАУЫ

Жастардың санасын улап, тағдыр жолында ауыр кедергіге айналған есірткі мен нашақорлық дерті тұтас елді алаңдатып тұр. Әсіресе, есірткі бизнесінің дәурені жүріп, бесіктен белі шықпай, есірткінің арбауына ілінген жасөспірім балалардың қатары артып барады. 

Түйткілді мəселенің жүйелі алдын алу шаралары жүзеге асырылып келеді. Ақмола облысында да есірткі бизнесі мен нашақорлықтың тамырына балта шабуға бағытталған көлемді айлық шаралар легі ұдайы ұйымдастырылуда. Облыстық Полиция департаментінің мұрындық болуымен өткен айлық аймақтағы ондаған іргелі шараға ұласып, күні кеше өз мəресіне жетті. Айлық барысында облыстың барлық аймақтарында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау жəне жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілді. – Алдын алу жұмыстары бірнеше бағытты қамтыды. Атап айтқанда ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру жəне мəдениет саласының мамандары облыстағы мектептер мен колледждерде дəрістер мен кездесулер ұйымдастырып, есірткінің зияны жəне оны заңсыз айналымға енгізудің салдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Нашақорлықтың негізінен оң-солын танымайтын жастар арасында кеңінен таралуы ескеріліп, шараларға көбінесе жастар мен студенттер қатыстырылды, – дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің өкілдері. Айлықтың аса маңызды шараларының бірі – Көкшетау қаласында өткен «Есірткісіз өмір – мықтылардың таңдауы!» атты есірткіге қарсы форум болды. Форумға 300-ге жуық студент қатысып, оларға полиция қызметкерлері, наркологиялық құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің мүшелері, сондай-ақ бұрынғы нашақорлар өз тəжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар нашақорлықтың алдын алу жəне жоюға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Шара аясында арнайы жасақ (СОБР) қызметкерлері мен қызметтік итпен жұмыс істейтін кинологтың көрсетілімдері де назарға ұсынылды. Облыстық Полиция департаментінің мəліметінше айлық акция шеңберінде мұнымен қоса аймақта салауатты өмір салтын дəріптеу мақсатын негізге алған спорттық іс-шаралар да кеңінен ұйымдастырылды. Атап айтқанда, кикбоксинг, каратэ, футбол сынды спорт түрінен 11 турнир, марафондар мен эстафеталар өткізілді. Іргелі спорттық шаралардан ауыл жастары да сырт қалмаған. Атап айтқанда, Красный Яр ауылында полиция қызметкерлері мен кеңес мүшелері 100-ден астам жасөспірімді қамтыған профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жастар арасында есірткі бизнесінің таралуы, нашақорлық пен есірткі тұтынудың салдарынан əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы нақты деректермен түсіндірілді. Полиция жергілікті кəсіпкерлердің материалдық қолдауының арқасында тұрмысы төмен жəне қиын жағдайдағы балаларға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. – Нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында тұрмысы төмен отбасы балаларына арналған түрлі шаралар да ұйымдастырылды. Оған жергілікті кəсіпкерлер зор үлесін қосып, балалардың жазғы демалысы кезінде салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын шаралар өткізуге көмектерін ұсынды. Атап айтқанда, YaSons компаниялар тобы, облыстық автомотоспорт федерациясы, Invictus GO фитнес-клубы, Aviks Group, Letto Park демалыс базасы мен «Солнечный» дəмханасы сияқты əлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кəсіпкерлердің қолдауымен балаларға арналған мəдени-спорт тық демалыс шаралары өткізілді. Кəсіпкерлер алдағы уақытта да мұндай игі бастамаларға қолдау көрсететінін жеткізді, – дейді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Əсем Əбдірахманова. Айлық шеңберінде шығармашыл жастар арасында есірткіге қарсы тақырыпта бейнеролик, компьютерлік графика, анимация мен сурет байқаулары өткізілгенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, облыстық департаменттің тапсырысы бойынша 70-100 адамнан қатысқан «JETI QAZYNA» интеллектуалды ойындар да қызықты өтті. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

P.S. Айлық барысында ата-аналармен де түсіндіру жұмыстары барынша кең форматта жүргізілгенін атап өткен жөн. Арнайы семинарлар мен кездесулерде психоактивті заттарды қолданудың белгілері, алдын алу жолдары жəне заңсыз есірткі айналымына қатысқаны үшін жауапкершілік мəселелері талқыланды. Нəтижесінде аталған есірткіге қарсы бағыттағы айлық акцияда барлығы 7 мыңнан астам адам қамтылып, өңір жастары арасында салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған маңызды қадамдар жасалды. Бұл – нашақорлықпен күреске қосылған елеулі үлес əрі жарқын болашаққа бет алған жастардың таңдауы десек қателеспейміз.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...