Еш жерде жұмыс істемегендер зейнетақыны қалай алады?

Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген, еңбек өтілі жоқ және зейнетақы жарнасын аудармаған қазақстандықтар зейнетақы ала ма? Бұл сұраққа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдері жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қордың түсіндіруінше, жинақтаушы зейнетақы тек жеке зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс есебінен қалыптасады. Егер мұндай жарналар болмаса, БЖЗҚ-дан төлем тағайындалмайды.

«Сондай-ақ, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтарға ынтымақты зейнетақы да тағайындалмайды. Демек, ресми жұмысы да, зейнетақы аударымы да болмаған жағдайда адамға тек базалық зейнетақы беріледі», — деп хабарлады зейнетақы қоры Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

2026 жылы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең. Бұл — 35 596 теңге.

Базалық зейнетақының мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Егер бұл өтіл 10 жылдан асса, төлем әр жыл үшін 2 пайыз өсіп отырады. Алайда өтіл мүлде болмаған жағдайда ең төменгі мөлшер тағайындалады.

Мән-жайы

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін хабарлаған еді.

«2025 жылы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы — 95 549 теңге, базалық зейнетақы — 47 594 теңге», — деп мәлімдеді министрлік.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақылар, сондай-ақ, мемлекеттік жәрдемақылар 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес 10 пайызға индекстелді.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.