Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру бойынша шараларды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 12 мен 20 аралығында «Есептік элемент» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Медеу аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстың алдын алу бойынша Медеу аудандық прокуратурасының басқаруымен, пробация қызметі мен Ішкі істер органының өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру мақсатында қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған тұлғалар тарапынан жасалуы мүмкін болатын қайта құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың алдын-алу, жолын кесу мақсатында сотпен жүктелген міндеттерін орындамаған есепте тұрған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру туралы — 6 ескерту беріліп, сотпен жүктелген міндеттерді өрескел бұзғаны үшін -3 сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын, бас бостандығынан айыруға ұсыныс Алматы қ. Медеу аудандық №2 сотына жолданды.
Жалпы, осы жоғарыда аталған жедел іс-шараның негізгі мақсаты есепте тұрған сотталғандарды қатаң бақылауға алып, қайта қылмыс жасауына жол бермей, сотталғандарды оң жолға бағыттайды.
Алматы қаласы Медеу ауданының пробация қызметі


