Есептегі сотталған маскүнемдік бойынша наркологиялық орталықққа жатқызылды

Жаңоқорған аудандық пробация есебіндегі ұрлық бабы бойынша сотталған 3 азаматқа профилактикалық жұмыс жүргізілді. Яғни, пробация қызметкерлері бұл азаматтардың ішкілік ішіп, маскүнемдіккке салынғандығын анықтады.

Сондықтан, қайта қылмысқа бейімдеп танылып, маскүнемдіктен арылу мақсатында, наркологиялық орталыққа жатқызылды. «Арақ бүкіл жамандықтардың басы.» (Табарани) . Зейінді кетіріп, ессіз етуші. Араққа салынған жан қайта қылмысқа бейім келеді. Жалпы пробация есебіндегі сотталғандар қызметкерлер тарапынан әрдайым бақылауда жүреді.

Қызметкерлер олардың тұрғылықты мекен- жайларына апта сайын барып, заң бұзушылыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.

Бұл жолы да тексеру барысында, өз мекен- жайында арақ ішіп отырған сотталғанды дер кезінде анықтап білді. Және бұл жағдайдың бірнешерет болатындығын көршілерінен естіп, қайталанып тұратындығына көз жеткізді.

Қоғамға қауіп төндіретін, маскүнемдікке салынған сотталғандардың наркологиялық орталыққа жатқызылуы осындай жағдайға жиі түсетін өзге пробация бақылауындағы азаматтарға сабақ болары анық.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...