Есептегі азаматтар спорттық шараға қатысты

«Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарды, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту жұмысын ұйымдастыру» әлеметтік маңызды жобасы және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасында жасалған Ынтымақтастық Меморандум аясында 06 шілде күні Қармақшы аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтармен кездесу өткізді.
Кездесуге заңгер Джумадилаев Мурат Алимбаевич, психолог Қойшыбаева Қарлығаш Балтабайқызы, маман Әлімбай Арлан, ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы әділет подполковнигі Кулманов Ғаламат Сақтағанұлы, Қармақшы ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіруді және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Әлменбетов Даулетхан қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың құқықтары туралы, жұмысқа орналасу жолдарын түсіндіріп, психолог маман «Дағдарыстан шығу жолдары» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.Кездесу спорттық шарамен жалғасын тапты. Дойбыдан спорттық турнир өткізіліп, жүлделі орындарға қаржылай сертификаттар беріліп, қатысушылар белсенділік танытқаны үшін, алғыс хатпен марапатталды.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...