“Есепте тұрған тұлғалар”жедел профилактикалық іс-шарасы

Республика аумағында 2025 жылғы 10-23 ақпан аралығында “Есепте тұрған тұлғалар”жедел профилактикалық іс — шарасы өтті. Қызылорда аудандық, қалалық пробация қызметінің есебінде 1000-ға жуық сотталған есепте тұрады. Пробация қызметінің инспекторлары мен жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлері бірлесіп, есепте тұрған сотталғандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.
Шара барысында сотталғандардың тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындары тексеріліп, олардың пробациялық бақылау талаптарын сақтауына ерекше мән берілді.
Тексеру нәтижесінде 66 сотталғанға жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін ескерту жасалды. Сондай-ақ, 11 сотталған азаматтың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жаза өтеудің міндеттері мен тәртібін бұзған 28 сотталғанға қатысты жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыныстар жолданды.
Аталған шаралар пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және олардың әлеуметтік оңалуына ықпал ету мақсатында тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Пробация қызметі алдағы уақытта да осындай алдын алу шараларын жалғастыра отырып, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтуді көздеп отыр.

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...