«Есепте тұрған тұлғалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Тараз қаласында ақпан айының 10-ы мен 23-і аралығында «Есепте тұрған тұлғалар» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде.
Тараз қаласының Nº3 Пробация қызметі — Тараз қаласының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, пробация кызметі есебінде тұрған адамдардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.


Іс-шараның басты мақсаты — профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 240 тұлғаны мекен-жайлары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталғандардың сот жүктеген міндеттерді сақтап, бұлжытпай орындалуына яғни, жұмыстан немесе оқудан бос кезде тұрғылықты жерінде болу, алкогольдік ішімдік ішетін, кұмар ойын-сауык орындарына бармау, пробация кызметімен белгіленген күндері келіп тіркелу секілді міндеттерін қосымша жеткізу болып табылады.

  • Белгіленген тәртіпті бұзған жағдайда немесе пробациялык бақылаудан жалтарған жағдайда бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру немесе шартты жазаға сотталғандардың сынақ мерзімдерін әрмен карай узарту немесе шартты жазаның күшін жойып, сотпен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын орындау бойынша сотқа ұсыным еңгізіледі, — дейді Тараз қалалық Пробация қызметінің бастығы: әділет аға лейтенанты Думан Дарханұлы.
    Пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда, егер пробациялық бақылауда тұрған сотталушы азаматтар сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін делелдесе, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға мүмкіндігі барын жеткізді.
    Сондай-ак, «Есепте тұрған тұлғалар» атты жедел-профилактикалык, іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім 26 адамның тізімі анықталып, тисті құзырлы органдарға жолданды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...