ЕСЕП БІЛМЕГЕННІҢ ЕСІ КЕТЕДІ

Қаржылық сауатты көтеру қазіргі қоғамда маңызды рөл атқарады. Ол жеке тұлғалардың, отбасының және бүкіл халықтың қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қаржылық сауаттылық – қаржы туралы білім мен түсініктердің жиынтығы, сондай-ақ осы білімді тәжірибеде қолдана білу қабілеті. Қаржылық сауаттылық қаржы құралдарын дұрыс қолдану, жеке бюджетті жоспарлау, инвестициялар жасау және қарыздарды басқару секілді негізгі аспектілерді қамтиды. Ол адамдарға өз қаржысын тиімді басқаруға, қажеттіліктерін қанағаттандыруға және болашаққа сенімді қарауға көмектеседі. Халықтың қаржылық сауаттылық деңгейі – бұл халықтың қаржы және экономика саласындағы білімдерінің, дағдыларының және түсініктерінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл деңгей келесі факторлармен анықталады:

• Қаржы терминологиясын түсіну: халықтың банк, инвестиция, несие, сақтандыру және басқа қаржы өнімдері туралы білімдері.

• Қаржы жоспарлау: Жеке бюджет құрастыру, кірістер мен шығыстарды басқару, қарызды тиімді басқару және жинақтау әдеттері.

• Инвестициялық білім: акциялар, облигациялар, жылжымайтын мүлік және басқа инвестициялық құралдар туралы білім.

• Қаржы өнімдерін пайдалану: банктік шоттарды пайдалану, несиелер алу, сақтандыру өнімдерін таңдау және пайдалану қабілеті.

• Қаржылық тәуекелдерді түсіну: қаржы өнімдері мен қызметтерімен байланысты тәуекелдерді түсіну және басқару. Айта кетейік, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің статистикасы бойынша үш жыл ішінде Қазақстанда қаржылық сауаттылық деңгейі 39%-дан 40,2%-ға өсті. Қаржылық сауаттылықты арттыру үшін көптеген елдерде арнайы білім беру бағдарламалары, семинарлар, тренингтер өткізіледі. Қазақстанда да қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған мемлекеттік және жеке ұйымдардың бастамалары бар. Қаржылық сауаттылықты арттыру үшін келесі қадамдар маңызды:

• Білім беру: мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржылық сауаттылықты оқыту. Бұл оқушыларды және студенттерді қаржы негіздерімен таныстырады және олардың қаржыны дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастырады.

• Ақпараттық науқандар: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бағдарламалар мен науқандар өткізу.

• Кеңес беру қызметі: банктер мен қаржы институттары арқылы халыққа қаржылық кеңес беру қызметін ұсыну.

• Өзін-өзі дамыту: жеке тұлғалардың қаржылық сауаттылық деңгейін өздігінен арттыруға ұмтылуы. Бұл қаржы туралы кітаптар оқу, онлайн курстарға қатысу және қаржы мамандарынан кеңес алу арқылы жүзеге асады. Қорытындылай келе, халықтың қаржылық сауаттылығы қоғамның экономикалық дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Қаржылық сауатты адамдар өз қаржысын тиімді басқарып, өздерінің және отбасыларының өмір сапасын арттырады. Сондықтан қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған шаралар әрбір азаматтың өмірінде үлкен рөл атқаруы тиіс.

Самал Асқар 

Қайрат Закирьянов: Қазақстанның басты байлығы — мұнай емес, ақыл-ой

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...