Ертеңіміз үшін қажет жоба

Қазақстанға АЭС салу туралы мәселе тек бүгінгі күннің, болмаса 2-3 жыл бұрын қозғалған тақырып емес. Елімізде АЭС салу 1997 жылдардан бастап айтылып келеді. Демек, бұл мәселе – ұзақ жылдардан қозғалып келе жатырған тақырып. Алдағы уақытта электр энергиясының тапшылығы болады деген болжам бар.

Сондай-ақ Қазақстанның солтүстігінде көмірмен жұмыс істейтін жылу станциялары біртіндеп істен шығып жатыр. Оларды жөндейді, бірақ олар КСРО кезінде салынған. АЭС салу электр генерациялайтын құрылғыларды ауыстыру қажеттілігінен туып отыр. Сонымен қатар, өнеркәсіп пен күнделікті тұрмыста да электр қуатына тәуелділік артып отыр.

Арада қанша уақыт өтсе де, Чернобыль апатынан кейін сананы үрей билегені сөзсіз.Дегенмен жаңа технологиялар дамыған уақытта, оның үстіне атом энергетикасы үшін қажет уран өндіруде тапшылық болмаса, құрылыстың әр кезеңін қатаң бақыласа, неге салмасқа? Бұл ертеңіміз үшін қажет деп ойлаймын.

Гаухар Шайхиниязова, «AMANAT» партиясы

Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы

Әйелдер қанатының жетекшісі

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...