Ертең – Конституция күні!

Осыдан 2 жыл бұрын еліміз үшін маңызды оқиғалардың бірі болған референдум өткізіп, халық болып Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгіздік.

Жаңарған Конституция арқылы қоғамда әділеттілік рухы оянып, басты заңымызға енгізілген өзгерістер еліміздің бүкіл саласында жан-жақты жаңғыруға алып келді.

Парламенттің ықпалы артып, Үкіметтің жауапкершілігі күшейді. Депутаттар маңызды мәселелерді шешу бойынша халықтың ортасында жүр. Парламент отырыстарында өзекті сұрақтар көтерілетін болды. Өткен сессия барысында 100-ден астам заң қабылданды, оның ішінде халықтың сұранысына сай және елімізді дамытуға бағытталған отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы және лудоманияға қарсы заңдар қабылданды;

Саяси партиялардың рөлі нығайды;

Азаматтардың өз ойы мен пікірін айту мүмкіндігі кеңейді;

Ауыл және аудан әкімдерін тікелей сайлау енгізілді;

2023 жылдан бері Конституциялық сот жұмыс жасап келеді. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Конституциялық сотқа 2 мыңнан астам өтінішпен жүгінсе, нәтижесінде сот 39 шешім шығарған. Оның 7-де Үкімет пен өкілетті органдарға заңды жетілдіру бойынша ұсынымдар берілген.

Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын басты құжат. Ата Заңда көрсетілген қағидалардың салтанат құруы бұл ішкі тұрақтылықтың кепілі. Заң алдында барлығы бірдей. Бұл өзгермейтін қағида. Заң мен тәртіпті сақтау — әрбір азамат үшін міндет. Заңдылықты бұлжытпай орындау, сақтай білу жауапкершілігі арқылы біз еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз.

Конституция күні құтты болсын! Ата заңымыздың айбыны асқақ бола берсін!

Серікболсын Сарыбай

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...