Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №20 мекемесінде сотталғандарға арналған «Ертегі терапиясы» атты психологиялық іс-шара ұйымдастырылды.
Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №20 мекемесінде сотталғандар үшін «Ертегі терапиясы» атты психологиялық іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты – сотталғандардың деструктивті мінез-құлқын түзету, олардың ішкі жағдайына оң әсер ету және ертегі терапиясы арқылы мінез-құлықтың конструктивті үлгілерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар арнайы іріктелген ертегілерді тыңдап, олардың мазмұнын талқылады. Ерекше назар кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдауға, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, сондай-ақ өмірлік құндылықтарды түсінуге аударылды.
Психологиялық жұмыс нәтижесінде сотталғандар өз ойларын ашық білдіріп, оң мінез-құлықты қалыптастырудың маңыздылығын түсінді.
Мамандардың айтуынша, ертегі терапиясы ішкі күйзелісті төмендетуге, эмоционалдық жағдайды тұрақтандыруға және табысты әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін тиімді әдістердің бірі болып табылады.


