Елімізде татуластыру рәсімдерін дамыту дауларды шешудің және азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қорғаудың басым бағыттарының бірі және азаматтық-құқықтық саладағы жанжалдар мен дауларды шешудегі маңызды рәсімдердің бірі болып табылады.
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне түскен талап арыздардың басым бөлігі неке бұзу туралы талап қою арыздары.
Бітімгер-судья бітімгерлік рәсімімен қарауға жататын талап қою арыздар бойынша тараптар арасында татуластыру рәсімін жүргізеді, яғни тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін, оның салдарын түсіндіреді.
Татуластыру кезінде, неке бұзу туралы дауларды шешкенде, бітімгер-судья бірінші балдардың тағдырын ойлау керектігін, ол үшін тараптар бір-біріне деген қарым-қатынасты өзгертуге ықпал етіп, отбасын сақтап қалуға бітімгершілікке келуге шақырады.
Одан басқа, татуластыру рәсімінде, неке бұзу дауларына қатысты талап қоюды қараған кезде, ортақ мүлікті бөлу, балалардың тұрғылықты жерін анықтау, алимент өндіру секілді барлық мәселелерді процесті жүргізу барысында жан-жақты қарайтынына бітімгер-судья аса көңіл аударады.
Осы кезде, тараптар неке бұзу туралы мәселемен бірге басқа да сұрақтар туындайтынын, сотта он жастан асқан балдарды психологтың және қорғаншы мен қамқоршы органның өкілдерінің қатысуымен, ата-анасының қайсысымен тұрғысы келетіндігі туралы пікірлері сұратылатынын, тараптарға назарға салынады.
Нәтижесінде, тараптар жан-жақты ойланып, дауды мәдениетті түрде шешуге тырысады. Татуласпаған жағдайда, тараптар басқа отбасылық проблемаларды медиативтік келісім арқылы шешуге болатыны да түсіндіріледі.
Татуласу – дауды шешудің оңтайлы тәсілі, бұған екі тарап та өз еркімен келеді, сәйкесінше олар өз құқықтарының қалпына келгеніне көздері жетіп, татуласу үшін жауапкер өз үлесін қосып, ақырында татуласқаны оң нәтижесіне әкеледі.
Сонымен, ажырасам деген адамға сылтау да, себеп те табылары анық. Алайда, бітімгер-судьямен татуластыру рәсімінде, талап қоюшыға «ажырасамын» деген ойды санаға алмас бұрын жауапкершілікті сезінуге, ортадағы баланың жағдайын, соның ішінде бірге тұрмайтын әкесін немесе шешесін «қашан көремін» деп, баланы жәутеңдеп өспеуіне ойлауға мүмкіндік беріледі.
Ақтөбе облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының судьясы