Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі күтіп-бағу жөніндегі міндеттері

Әр түрлі жағдайларға байланысты алименттерді төлеу немесе өндіріп алу қажеттілігі туындауы мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 20-тарауында ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері көзделген.

Атап айтқанда, Кодекстің 147-бабына сай  ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті. 

Егер, мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайдан немесе бұрынғы жұбайынан:

      1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;

      2) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының;

      3) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.

Алименттер мөлшерін және төлеу тәртібін сот анықтайды. 

Кодекстің 150-бабына сай сот бұрынғы жұбайына алименттерді төлеуден босатуы немесе белгілі бір мерзімге шектеуі мүмкін, 

  1. егер көмекке мұқтаж жұбайының еңбекке қабілетсіздігі құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге, есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге салынуы салдарынан немесе оның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы салдарынан орын алса;
  2. ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылықта) ұзақ тұрмаған (бес жылға дейін) болса;
  3. алимент төлеуді талап ететін жұбай отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайларда.

      Сонымен қатар, сот шешімімен күтіп-бағуға құқығы бар жұбайы жаңа некеге отырса (ерлі-зайыпты болса), осы Кодекстің 148-бабында көзделген мән-жайлар жойылса бұрынғы жұбайын күтіп-бағу жөніндегі міндет тоқтатылады. 

Маңғыстау облысының кәмелетке 

толмағандардың істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық сотының 

судьясы М.М.Джумаева

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...