12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ерлан Қошанов: Әлеуметтік мемлекет – Президент саясатының негізгі басымдығы

Қазақстанда әр іс-әрекеттен заң мен тәртіпке деген құрмет көрініп тұратын әлеуметтік мемлекеттің айшықты бейнесі айқындалып келеді. Бұл туралы Президенттің реформаларын іске асыруға арналған Мәжілістің жалпы отырысында Палата спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, 2022 жылғы 16 наурызда дәл осы залда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты тарихи Жолдауын жариялады.

Ол әлем үшін де, Қазақстан үшін де алмағайып, күрделі сынақтардың кезеңінде Президенттің сөздері елдің еңсесін көтеріп, рухын оятып, ұлтымызды ұйыстырғанына назар аударды.

«Шын мәнінде, Жаңа, Әділетті Қазақстан қол жетпес арман емес. Ол – халқымыздың талап-тілегінен, қоғамның сұранысынан туындаған қажеттілік, өмірдің шындығы. Ал, реформалар жай ғана заңды өзгерту емес, тұтас мемлекет пен қоғамның болмыс-бітімін жаңарту, жаңғырту», – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері Қазақстанда 30 жыл бойы суперпрезиденттік басқару формасы қолданылып, оның соңы күрделі саяси дағдарысқа алып келгенін еске салды. Үш жыл бұрын елімізде басқару жүйесінің бұрынғы қағидаттары толықтай қайта қаралып, билік тармақтары арасында тиімді теңгерім орнатылған мүлде жаңа мемлекеттік-саяси жүйе қалыптастырылды.

«Әр іс-әрекеттен заң мен тәртіпке деген құрмет көрініп тұратын әлеуметтік мемлекеттің айшықты бейнесі айқындалып келеді. Осы сәттен бастап Әділетті Қазақстан жай ғана ұран емес, нақты мүмкіндікке айналуда», – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов үш жыл ішінде жүргізілген реформалар аясында әлеуметтік әділдік қағидаттарын жүзеге асыратын бірқатар маңызды заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында заңсыз алынған активтерді қайтару, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау туралы, «Ұлттық қор — балаларға» және басқа да заңдар бар. Жуық арада ғана өткен Құрылтайдың кезекті отырысында Мемлекет басшысы тағы да бірқатар жаңа міндет қойды.

«Біз мүлде жаңа, сәт сайын құбылып, өзгеріп жатқан тарихи дәуірде өмір сүріп отырмыз. Ал, тарихта екінші мүмкіндік деген болмайды. Халық, ұлт ретінде соны түсінуіміз керек. Жарқын болашақ дегеніміз – тағдырдың жәй ғана сыйы емес. Біздің адал еңбегіміздің, төккен теріміздің өтеуі болатынын жадымыздан шығармайық. Бұл жолда ұлт болып, жұрт болып жұмылып, бірге жұмыс істеуіміз керек», – деді Ерлан Қошанов.

Елдегі реформалардың қазіргі жағдайына Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев пен Мәжіліс депутаттары өз бағаларын берді.

Рост цен – под контролем?

В ПРАВИТЕЛЬСТВЕ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ИНФЛЯЦИИ ЗА ПЕРВОЕ ПОЛУГОДИЕ 2025 ГОДА. КАБМИН ПРЕДПРИНИМАЕТ МЕРЫ ДЛЯ СДЕРЖИВАНИЯ ЦЕН И СМЯГЧЕНИЯ ТАРИФНОЙ НАГРУЗКИ.

Ұлт мүддесін емес, ата-бабасын дəріптеуге ұмтылатындар бар

2021 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді. Онда Президент халқымыздың тарихи санасын жаңғырту айрықша маңызды екеніне ерекше назар аударды.

АЙЛЫҚТЫҢ АЗДЫҒЫНАН КӘСІБИ МАМАНДАР СОТ САЛАСЫНАН КЕТУГЕ МӘЖБҮР

Сот жүйесі қоғамдағы əділеттілікті қамтамасыз ету міндеті жүктелген маңызды институт. Бұл жүйенің тиімді жұмыс істеуі қоғамның құқықтық мəдениетін, заңға деген сенімін жəне құқықтық тəртіптің нығаюын қамтамасыз етуге негіз болады. Дегенмен, сот жүйесі алдында бірқатар шешімін таппаған мəселелер тұр, олардың ішінде тіл мəселесі, аудармашылардың тапшылығы, сот қызметкерлерінің əлеуметтік жағдайына қатысты сұрақ көп.

Елімізде 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Қазақстанда 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

eGov толығымен жаңартылады. Не өзгереді?

Қазақстан eGov.kz-тің жаңа моделіне көшеді. Жаңа нұсқа туралы мәліметтерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынды.