Эрлан Батырбеков: АЭС жұмыс істеу кестесі бірегей қауіпсіздік шараларына ие

Астанада өтіп жатқан атом электрстанциясын салу жөніндегі жария тыңдауларда ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков АЭС жұмыс істеу қағидалары мен қауіпсіздік шараларын түсіндіріп өтті.
Оның сөзінше, ЖЭО мен АЭС басты айырмашылығы – жылу электрорталығында буды жасау үшін қазандықтағы көмірсутекті отынды жағу энергиясы пайданылса, АЭС-те – бқл ядролық реактор мен ядролық реакциялардың энергиясы.
Ол екіконтурлы су-сулы АЭС-те атомдық реактордан энергияны алу үшін қолданылатын бірінші контур станцияның басқа құрал-жабдықтарынан толық изоляцияланғанын атап өтті. Сарапшы бұл контурда арнайы дайындалған және тазаланған су айналып тұратынын айтты.
Екінші контурда бу турбинаға өтеді де, оны айналдырып, электр энергиясын жасап шығарады. Қолданылған бу конденсаторда салқындау есебінен кондесацияланады да, су қайтадан парогенераторға жеткізіледі.

  • Яғни мұндай екі контур бір-біренен түгелдей дербес және станцияның басқа элементтерімен өзара әрекетке түспейді. Олардың ішінде арнайы дайындлаған су ағып тұрғандықтан, жақындағы су айдындарымен ешқандай өзара байланысы жоқ. Су қоймасының энергиясын тек конденсатор үшін пайдалануға болады», — деп түсіндірді ол.
    Батырбеков сондай-ақ АЭС салу үшін атом технологияларын ұсынып отырған әлемдік компаниялардың барлық қондырғылары III және III+ санатына жататынына назар аударды. Оларды әзірлеу кезінде бұрын болған барлық ықтимал оқиғалар мен апаттар ескерілді.
  • Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында салу үшін III және III + буын реакторлары ұсынылады. Бұл бір-бірін сәтті толықтыратын және алмастыратын пассивті және белсенді қауіпсіздік жүйелері бар реакторлар», — деп қосты сарапшы.

Бұл санатты реакторлар терең эшелондалған қорғаныс жүйесімен жабдықталған.
«Мұның бәрі бүгінгі күні 8 балға дейінгі жер сілкінісіне, 56 м/с жылдамдықтағы дауылды желге, су тасқынына төтеп беруге мүмкіндік береді. Ықтималдығы аз ең ауыр апат болған жағдайда, балқуды белсенді аймақта ұстап қалатын арнайы қоршау қарастырылған», — деді Эрлан Батырбеков.

Региональный кадровый резерв города Алматы: путь к профессиональному успеху

Момент зачисления в резерв: что изменилось в вашем восприятии...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын...

В Алматы стартовала Спартакиада среди государственных служащих

20 июня 2026 года в Алматы стартовала традиционная спартакиада...

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...