Ерлан Қарин: Жүргізіліп жатқан саяси бағыт салмақты қоғамдық қолдауға ие

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Орталық Азия — Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері» атты талдау орталықтары V форумының ашылуына қатысты.

— Барлық жүзеге асырылған және болашақ реформалар мемлекеттігімізді нығайтуға, барша азаматтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Сондықтан жүргізіліп жатқан саяси бағыт салмақты қоғамдық қолдауға ие. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама деректеріне сәйкес, Қазақстанда азаматтардың 73,3 пайызы, ал Қоғамдық саясат институтының дерегі бойынша азаматтардың 79,5 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды. Бұл Қазақстанда мемлекет пен қоғам бірігуінің жоғары деңгейін білдіреді, — деді халықаралық іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Ерлан Қарин.
Айта кетейік, таяуда елордада Орталық Азия елдері мен Қытай елі медиа саласы мамандарының қатысуымен форум өткен еді.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...