Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Ерлан Өтегенов туралы не белгілі?

Ол 1976 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы прокуратурасы жанындағы прокуратура, сот органдарының құқықтық статистика және ақпарат орталығының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады.

Кейін Алматы облысы прокуратурасының Қапшағай қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, Алматы табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы Целионград, Егіндікөл аудандарының прокуроры лауазымдарын атқарды.

Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуроры аппаратында Бас прокурордың аға көмекшісі, Астана прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2022 жылдан бастап Астана қаласының прокуроры болды.

Оқушылар қайтадан диктант жазатын болды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім сапасын арттыру үшін дәстүрлі жазба жұмыстары қайта енгізілетінін айтты.

Белгілі театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден өтті

Белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден озды.

FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерді жаз соңына дейін тоқтатты 

Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, аталған шешім қауіпсіздік ахуалына байланысты қабылданған. Осы бағыттағы барлық рейстер уақытша кестеден алынып тасталды.

1 мамырдан бастап не өзгереді?

2026 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстанда цифрлық активтер нарығын жүйелі реттеу күшіне енеді.

Жаһандық су дағдарысы күшейіп келеді – Мемлекет басшысы БҰҰ деңгейінде тың ұсыныс жасады 

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады. Кездесуде су ресурстарының жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелері талқыланды.