Ерке туралы айтқым да, еске алғым да келмейді — Асхат Садырбай

Тележүргізуші, журналист Асхат Садырбай қазіргі жұмысы мен өзін алаңдатқан кей мәселелерге тоқталды. Қоғамдық, саяси мәселелерге белсене кіріскен тележүргізуші өз қадамын түсіндірді. Жеке өмірі жайлы көпке мәлімдегісі келмейді. Өткені мен отбасы туралы тақырыптан аулақ болуға тырысады.

Тележүргізуші бұл жайында Рейтинг.кз бағдарламасында айтты,  деп жазады stan.kz.

Асхат Садырбай бір кездері телеарнада түрлі бағдарламаларды тізгіндеді. Қазір қоғамдық істе, жастармен бірлескен істе белсенділік танытып жүр. Праймеризге қатысуға ниетті. Өзін бұған әбден лайық санайды.

«Қазір мені жоғалтып алған көрермен көп. Біздің телеарнадағы жобаларымыз тоқтады. Бірақ қанша жаңа жобалар ұсынып жатырмыз. Оны қабылдамай қояды не жауапсыз қалады. Ертесі өздері сол жобаны шығарады немесе журналистикаға қатысы жоқ басқа компаниялардың жасап жатқанын көреміз. Біздің қазіргі телеарналардың жұмысында даму жоқ. Көп бағдарлама — шетелдің көшірмесі. Жаңа идея жоқ. Бұл көрерменді жалықтырып жібереді», — деді тележүргізуші.

Асхат мырзаның телевизиядан бөлек баспасөз әлеміне көңілі толмайды. Сары басылымның қазір де, кейін де сұранысы арта беретінін айтады.

«Бізде газетті ешкім оқымайтын болды. Оны әлеуметтік желінің әсері деп жатады. Оқырман желіге ауысып кетті деп ақталады. Бірақ шетелде де желі бар ғой. Оларда да смартфон бар. Олар да желіде отырады. Бірақ газет оқуды қойған жоқ. Түркияда газет өлген жоқ. Неге бізде жаппай бәрі әлеуметтік желіде уақыт өткізеді. Бұл газет жұмысының дұрыс жүрмеуінен. Оқырманды тарта алмауы себепті де ойлаймын», — деді ол.

Асхат Садырбайдың Еркемен қатынасы, екінші жарымен ажырасуы жайлы желіде көп жазылды. Алайда тележүргізушінің өзі жеке өміріне қатысты ақпаратқа жауап бергісі келмейді.

«Мен Ерке болсын, жалпы жеке өміріме қатысты ақпаратты жария еткім келмейді. Бұрынғы қатынас туралы айтқым да, жазғым да келмейді. Талай рет айтылды. Әр кезде бір тақырыпты қозғаудың түк керегі жоқ. Оған ниетім де жоқ. Сондықтан басқа тақырып қызығырақ», — деді Асхат мырза.

Тележүргізуші желіде өзіне жазылған жаман пікірлерді өшіріп отырады. Себебі ата-анасының, жақындарының көңіліне алаңдайды. Ал қоғамдық жайттарды көтеріп, талқыға салуға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...