Еріктілер мен сотталғандар сенбілік өткізді

Сенбіліктің қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Таза ортаның тынысы кең демекші, осындай үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркеюіне көп үлесін қосуда.
Жуырда Түркістан қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ерікті жастары мен қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар көне шаһардың санитарлық жай-күйін қалыпты сақтау мақсатында тағы бір ұйымдасқан тазалық жұмыстарын белсенді түрде жүргізді.

  • Қаламызда санитарлық тазарту, көркейту және күл-қоқыстарды жинау мақсатында сенбілік шарасы көктемнің кезінде жиі ұйымдастырылып тұрады. Сенбілікке біздің пробпция қызметкерлері мен есепте тқрған тұлғалар да бір кісідей атсалысып, әрбір бөлінген аумақтарды, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Негізінде сенбіліктер тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Бұндай қоғамдық жұмыстарға бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғанда да барынша атсалысып, үрдіске айналған игілікті іске үлес қосып келеді, — деді Түркістан қалалық пробация бөлімінің инспектор-психологі әділет аға лейтенанты Ақмарал Бекбай.
    Сенбілік барысында қоғамдық орындар мен жолдың бойы ретсіз тасталған керексіз заттар мен ағаш жапырақтарынан тазаланды. Барлық тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамай, қала тазалығының сақтаса екен.
    Мен бүгін сенбілікке шығып қаланың тазалығына өз үлесімді қосып отырғаныма қуанамын. Қоғамға кішкентай болса да өзімнің пайдамның тиді. Әрине, өзімнің жастықпен жасаған қателігім үшін қатты өкінемін. Алдағы уақытта заң бұзушылыққа жол бермеймін деген менімдемін. Менің түзелу жолыма үлкен септігін тигізген Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлеріне алғысым шексіз. – деді есепте тұрған Ардақ.

Алименты – законное право ребенка

Вопрос о взыскании алиментов (алиментных отношений членов семьи (алиментных...

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт...

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...