Еріктілер кеңесінің мүшелері қар тазалау акциясына катысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған аумақтық департаменттер жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.

Еріктілер кеңесінің негізгі міндеті – мемлекеттік қызметшілер арасындағы волонтерлік қызметті үйлестіру, ерікті қызметке қатысуын кеңейту, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру. Бұл бағытта заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды қалыптастыру.

2025 жылдың ақпан айында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Бостандық ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері және Еріктілер кеңесі мүшелері мердігерлік ұйыммен бірлесе отырып, ауладағы қарларды тазалауға атсалысты.

Мұндай іс-шаралар «Еріктілер кеңесінің» жұмысын жақсарту және оның алда қойылған міндеттер мен мақсаттарды іске асырудағы тиімдлігін арттыруға және мемлекеттік қызметтің имиджін халық арасында арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының мүшелерімен халыққа көмек көрсетуге бағытталған басқа да іс-шараларға қатысатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің жетекші маманы Н.С. Әуезов

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...