«Еріктілер кеңесі» мүшелерімен оқушыларға сертификаттар мен оқу құралдары таратылды

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған аумақтық департаменттер жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.

2024 жылғы 23 тамызда Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» атты іс шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны Алматы қаласы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы Шынар Әлімханқызы мен Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Асқарұлы оқушылар мен олардың ата-аналарына жаңа оқу жылының алдында ізгі тілектерін айта отырып ашты.

Іс-шара шеңберінде «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының мүшелері оқушыларға мектеп құралдары, сертификаттар және тағы да басқа сыйлықтарды таратуға ат салысты.

Іс-шара Алматы қаласы Орталық демалыс паркінде өтті.

Бұдан бөлек, іс-шараға келген оқушылар мен олардың ата-аналарына конценрттік программа көрсетілді.

Жалпы жыл басынан Алматы қаласы «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдары мүшелерімен сенбілік, қан тапсыру, тал отырғызу, қала тұрғындарына құрт тарату сияқты іс-шаралар ұйымдастырылған болатын.

Мұндай іс-шаралар  «Еріктілер кеңесінің» жұмысын жақсарту және оның алда қойылған міндеттер мен мақсаттарды іске асырудағы тиімдлігін арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының мүшелерімен халыққа көсек көрсетуге бағытталған басқа да іс-шараларға қатысатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Депараментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н. Узбеханов 

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...