spot_img
spot_img

«Еріктілер кеңесі» мүшелері тал отырғызу және сенбілік жасауға қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған аумақтық департаменттер жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.

2024 жылғы 19 қазанда Алматы қаласы және Алатау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен тал отырғызу және сенбілік жасауға белсенді қатысты.

Алматы қаласы Алатау ауданында жаңадан ашылып жатқан Ала паркінде мыңнан аса тал отырғызылды.

Бұдан бөлек, сенбілік ұйымдастырлып, қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргізілді. 

Іс-шара шеңберінде «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының мүшелері және Алматы қаласы тұрғындары мен жастары қатысты.

Бұдан бөлек, іс-шараға қатысқан қала тұрғындарына конценрттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жалпы жыл басынан Алматы қаласы «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдары мүшелерімен сенбілік, қан тапсыру, тал отырғызу, алғыс айту күніне және сейсмикалық жаттығулар сияқты іс-шаралар ұйымдастырылған болатын.

Мұндай іс-шаралар  «Еріктілер кеңесінің» жұмысын жақсарту және оның алда қойылған міндеттер мен мақсаттарды іске асырудағы тиімдлігін арттыруға және мемлекеттік қызметтің имиджін халық арасында арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының мүшелерімен халыққа көмек көрсетуге бағытталған басқа да іс-шараларға қатысатын болады.

Авторы: Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Депараментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н. Узбеханов 

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...