Еріктілер кеңесі мүшелері сейсмикалық жаттығуларды ұйымдастыруға қатысты

Жер сілкінісі кенеттен болады. Өкінішке орай, Ғылым оны алдын ала болжай алмайды. Сондықтан іс-әрекет тәртібін алдын-ала ойластыру қажет.

Бүгін Алматы қаласының аудандарында сейсмикалық жаттығулар өткізілді.

Оның негізгі мақсаты – халықты жер сілкінісіне дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік мәдениетін үйрету, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге әзірлік деңгейін арттыру.

Атап айтқанда, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі, уәкілетті органдар мен Алматы қаласы еріктілер кеңесі мүшелерімен 46 гимназия оқушыларына және қала тұрғындарына сейсмикалық жаттығулар ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, гимназия аумағында шатырлар, бірінші медициналық көмек көрсету орындары құрылып, қала тұрғындарына жер сілікіні кезінде қандай іс-әркет жасау қажет екендігі бойынша толық түсіндірмелер берілді.

Апатты жағдайлардың алдын-алу мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараларға Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің жанында құрылған Еріктілер кеңесі мүшелері де белсенді қатысты.

Аталған іс-шалар мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге өз үлесін қосады деп пайымдаймыз.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н. Узбеханов

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...

ВАЖНЫЕ СОЦИАЛЬНЫЕ ПРОЕКТЫ

РАВНЫЙ ДОСТУП К ОБРАЗОВАНИЮ СЕГОДНЯ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ПОКАЗАТЕЛЬ ЗРЕЛОСТИ...