«Еріктілер кеңесі» консультативті кеңесінің мүшелерінің қатысуымен «Қан тапсыр — өмір сыйла!» атты акциясы өтті

Бүгін Алматы қаласындағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық қан орталығы» КМК-нында  «Қан тапсыр — өмір сыйла!» атты акция өткізіліп, оған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкерлері, сондай-ақ Еріктілер кеңесінің мүшелері қатысты.

Акция мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мен жұртшылықты донорлық қан тапсыру шарасына белсенді қатысуға шақыру.

Санитарлық-эпидемиологиялық қатаң талаптарды негізге ала отырып, қан тапсыруға келген еріктілерге қатысты мәліметтер жіті тексеруден өткізілді. Ол бойынша адам туберкулезбен, вирустық гепатитпен, безгекпен, бруцеллезбен немесе ревматизммен ауырса, оның қаны қабылданбайды.

Сондай-ақ, жоғары немесе төмен артериялық қысымы бар, эпилепсиялық құрысулар мен өмірлік маңызды органдары ауыратын адамдар да қан тапсыра алмайды. Осындай талаптарды басшылыққа алған мамандар  әрбір азаматты жіті бақылаудан өткізіп, акцияның сәтті өткізілуіне үлестерін қосты.

Жалпы аумақтық департаментпен өңірде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және қоғамдық пайдалы іс-шараларға тарту аясында осындай әлеуметтік, қайырымдылық шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады.

Пайдалы ақпарат ретінде айта кетсек, қан тапсырып тұрудың адам ағзасына пайдасы мол. Қанды белсенді тапсыратын донорлар жүрек-қан тамырлары ауруымен сирек ауырады жəне қан кету – олар үшін қауіпті жағдай емес. Қан алынған сайын адам бойындағы қан жаңарып отырады, қан айналу процесі жақсарады. Бұл өз кезегінде көптеген аурулардың алдын алады. Мәселен, тұрақты қан тапсырып тұратын адамдар тапсырмайтындарға қарағанда 5 жылға артық өмір сүретіні ғылыми түрде дәлелденген. Ал бір рет қан тапсырған донор орта есеппен үш адамның өмірін құтқарады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

басқармасының бас маманы  А.Тасов

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...