Ереван мен Баку бітімге келді – Армения қауіпсіздік қызметі

Армения мен Әзірбайжан бітімге келу туралы келісімге қол жеткізді. Бұл жайлы Армения қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян қоғамдық телеарна эфирінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап. 

«Халықаралық қауымдастықтың қызығушылық танытуы арқасында 14 қыркүйекте 20:00-ден бастап бітімге келу туралы келісімге қол жеткіздік. Әзірбайжан келісімшартты бұзбайды деп үміттенеміз», – деді Григорян эфирде. 

Оның сөзінше, Бакумен қол қоюға дайындалған құжат немесе келісімшарт жоқ. 

Әзірге Әзірбайжан бітімге келу туралы ақпаратты растамаған. Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Арам Торосян Facebook-парақшасында жергілікті уақыт бойынша 20:0-ден бастап барлық бағытта оқ ату тоқтаған. 

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН EMBA МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Абай университеті еліміздегі әйелдер қауымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған...

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Ақпараттық қауіпсіздік мәдениеті ұлттық қорғаныс мәселесі болуы тиіс

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа технологияға бейімдеу керек деген...