Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеудің маңызы зор

Қоғамның барлық мүшесіне тең мүмкіндік берілетін инклюзивті қоғам қалыптастыру –Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларының маңызды басым­дықтарының бірі болып отыр. Бұл дегеніңіз ең алдымен – медициналық көмекке тең әрі әділ қол­­жетімділік, одан соң сапалы білім мен әлеуметтік бейім­делуге ар­нал­ған мүмкіндіктер. Бұл ретте әлеу­меттік оңалтудың тиімді тетік­­терінің бірі мектеп кезінен ерекше қажеттіліктері бар балаларды қатарынан қалдырмай қоғамға бейімдеу. Оларды басқалардан бөлектемей тең жағдай жасап, барынша қолдау.

Осы орайда Алматы қаласы Әуезов ауданының орта білім беру мекемелерінің ерекше білім беруді қажет ететін оқушылары арасында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мәнерлеп оқудан байқау өткізілді. 1сынып пен 9 сынып аралығын қамтыған байқау барысында өнерімен дараланған балалар І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, әрбір оқушы марапатсыз қалмады. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды сыныптан тыс іс-шараларға қатыстыру және оқушылардың жеке мүмкіндіктерінұштау мақсатында ұйымдастырғанЕдилова Алтынай Тулеевнаға ата аналар да, оқушылар да білім беру ұйымдары да риза болды.Байқауға қазылар алқасы ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері шақырылып, мәнерлер оқу бойынша бақ сынасқан балалар әдеби мәтінде анықтап мәнерлеп айту; өлеңнің байқау тақырыбына сәйкестігі; оқушының өзін сахнада ұстау  мәдениеті талаптары бойынша бағаланды. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбындағы ең азы 2 шумақ өлеңді жатқа оқу ерекше қажеттілігі бар балаларды да шабыттандырып, қуанышқа бөледі. Өйткені ерекше білімді қажет ететін бала тұлғасын дамыту және оны қоғамға бейімдеу, ой-қиялын дамыту, Тәуелсіздік қадірін ұқтыру мақсатында аталмыш шараның маңызы зор болды.

Атап өтер жайт, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясының маңызы зор! Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады. Сондықтан қоғамымыздың ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауы құптарлық…

Қалдыбек Ақерке Мұстафақызы, педагог ассистент

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...