12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Қазақ халқында «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді» деген даналық сөз бар. Дәл осы сөз бірінші «Халық Қаһарманы» атағының иегері, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың (25 мамыр 1924 – 24 қыркүйек 2013) болмысын баяндайтындай.

Жастайынан жетім қалған ол ерте есейіп, алғыр әрі өжет болып өседі. 1942 жылы шілде айында 18 жасында Кеңес әскерінің қатарына алынып, взводты сауатты басқара білуімен көзге түседі. Отан үшін от кешіп, Жеңіс тұғырынан көрінеді. Екінші дүниежүзілік соғыста талай азаматтан айырылғанымыз тарихи шындық, алайда сол шайқаста ержүректілігімен тәнті еткен арда азаматтарымыз аз емес. Сағадат Нұрмағамбетов те ерліктің үлгісін көрсете алған батырларымыздың бірі. Ол Кушка қаласындағы Түркістан пулемет училищесін бітіріп, 1943 жылдың сәуірінен 1945 жылдың мамырына дейін 5-соққы беруші армияның Берлин атқыштар дивизиясы II дәрежелі 301-Донецк Суворов ордені 1052- атқыштар полкінің құрамында пулемет взводының, ротаның, атқыштар батальонының командирі ретінде майданда соғысқан. Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдованы, Беларусь пен Польшаны азат етуге қатысты. Сағадат Нұрмағамбетовтың батальоны Гитлердің Рейх канцеляриясының ғимаратына жасалған шабуылға да қатысқан. Жеңістен кейін батальонның жеке құрамы мемлекеттік маңызы бар нысандары күзету міндеттерін орындады. 1945 жылдың 27 ақпанында 21 жастағы Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес одағының батыры атағы беріледі, ал сәуір айында Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақстанның жаңа тарихында да Сағадат Нұрмағамбетовтың жауынгерлік білімі мен тәжірибесі елдің қорғанысына жауапты деп таңдалды. 1991 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Сағадат Нұрмағамбетов Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1992 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болды. Аталмыш тарихи құжаттар ҚР Президентінің архивінде сақтаулы. Архивте бұдан өзге С.Қ. Нұрмағамбетовтың қызметтік және кәсіби қызметі туралы құжаттары, жолдастарының жазған хаттары, басылымдарда жарияланған баяндамалары, естеліктері, ерекше фотосуреттері, ол жайлы жазылған мақалалар сақталған. Мәселен, Орталық Азия әскери округінің әскерлеріне әскери атақ беру туралы, С.Нұрмағамбетовтың Қазақстан Президентіне жазған республикадағы қорғаныс және әскери-саяси мәселелері бойынша ұсыныстар туралы хаты, Қазақстан Республикасының әскери құрылысының негізгі бағыттары бойынша анықтама-баяндамасы, Армия генералы әскери атағын беру туралы жарлықты да көруге болады. Тарихи тұлғаның құжаттары Президент архивіндегі С.Нұрмағамбетовтың жеке тектік қорында жинақталған. Архивтегі құжаттармен танысуға болады. Биыл батырлық пен қайсарлықтың үлгісі саналған Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толып отыр. Ол соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батыр, мемлекеттің негізі қаланған сын шақта елдегі әскери саланы реттеген патриот ретінде ел есінде мәңгі сақталады.

Дайана ТОҚБЕРГЕНОВА, ҚР Президенті Архивінің қоғаммен байланыс маманы

Оқу жылының аяқталуы: ІІМ түлектерге үндеу жасады

ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, - деп...

Маусым айында қазақстандықтар 11 күн демалады

Бұл айда қазақстандықтар мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі - Құрбан айтты тойлайды.

Ерұлан Жамаубаев Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты — БАҚ

БАҚ мәліметінше, Иран президентімен бірге болған адамның бәрі, соның ішінде сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан да тікұшақ апатынан қаза тапқан.

Су басу қаупіне байланысты екі өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Су басу қаупіне байланысты Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы "Атырау-Орал" тасжолының үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.