Ер адам Заречныйдағы колонияға телефон лақтыруға тырысты

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 мекемесінде ер адам телефонды қоршау арқылы лақтыруға тырысты.

Мекеменің тыйым салынған аймағы учаскелерінің бірінде оны лақтыруға әрекет жасаған кезде ер адам ұсталды. Одан 3 дана скотчпен оралған пакеттер табылды. Ер адам тыйым салынған заттарды колония аумағына сотталғандарға лақтырмақ болғаның растады.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері келгеннен кейін жоғарыда аталған пакеттер ашылып, ұялы телефон, 10 зарядтау құрылғысы және 5 құлаққап табылды.

«Өкінішке орай, барлық алдын алу шараларына қарамастан, сотталғандардың туыстары мен достары, сондай-ақ басқа да адамдар тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеттерін жалғастыруда. Өз кезегінде, мекеме қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында мұндай әрекеттер жиі тоқтатылады», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...