ЕҢБЕККЕ ҰМТЫЛҒАН ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Қазақстанда қолға алынған жалпы ұлттық жобалардың ішіндегі ең маңыздысы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы. Олай дейтініміз, мұнда халыққа жайлы жағдай жасау шаралары жан-жақты әрі толығымен қамтылған. Ауқымы кең жоба еліміздің бірнеше аймағының жоғары көрсеткішке жетуіне жол ашты.

Осы ретте Ақмола облысын айрықша атауымызға өңірде «Ауыл – ел бесігі» жобасының сәтті іске асырылуы себеп болып отыр. Мысалы, аталған жоба аясында елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңарту мақсатында өткен жылы 70 ауылда 111 жобаны іске асыру жоспары жасалып, бұған 15,6 миллиард теңге бағытталған. Айтып өтерлігі, бұл қаржының 6,5 миллиарды республикалық, 9 миллиарды жергілікті бюджеттен бөлінген. Ал биылғы жылы 84 ауылды көркейтуге арналған 103 іс-шара, сондай-ақ, облыс балаларының білім сапасын жақсартып, жұртшылыққа заманауи медициналық қызмет көрсету үшін 14 жоба қолға алынды. Аршалы ауданында ең ірі жел электр станциясы Борэй Энерго құрылысы қарқынды жүргізілді. Бұл станцияның қуаттылығы 150 МВт. болса, жалпы қуаты 30 МВт-тан асатын 3 жел электр станциясы Зеренді мен Ерейментау аудандарында салынды. Сонымен қатар, Бұландыдағы құс фабрикасының, Степногорскідегі 350 мың тонна кенді өңдейтін модульдік өңдеу фабрикасының құрылысы, Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды кеңейту жұмыстары жүзеге асып, Қосшыдағы құс етін өңдеу зауыты мен Ақкөл ауданындағы қонақ үй емдеу-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Облыста көлік-логистикалық секторды дамыту жобалары бойынша бір мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделді. Сонымен бірге облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен жүзден аса елді мекенде көше-жол желісінің жай-күйі жақсартылды. Ақмола өңірінде халық игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар мұнымен бітпейді. Сонымен қатар, Дамса мен Шортанды аудандарының екі ауылына кәріз желілері тартылып, Бұланды ауданының Вознесенка ауылында 78 метрлік көпірдің салынуы дәлел. Шалғай ауылдар су, жылу, электр желілерімен жабдықталып, оларға жолдар салынды. Бұлардың қатарында Зеренді, Аршалы, Ерейментау Жақсы аудандарындағы толықтай электр желісімен қамтамасыз етілген бірнеше ауыл бар. Астраханның Таволжанка, Қараөзек, Ерейментаудың Никольское елді мекендерінің халқы да таза ауыз сумен қамтылды. Целиноградта орналасқан мәдениет үйлері мен фельдшерлік-акушерлік пункттер, спорт және дене шынықтыру-сауықтыру кешендері күрделі жөндеуден өткізілгені де тындырымды жұмыстың нәтижесі екені анық. Өзге аймақтар секілді Ақмола облысында да ірі, моно және шағын қалалардың шеткі аумақтарын дамыту бағдарламалары қарқынды іске асырылуда. Облыс әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, «Ауыл – ел бесігі» жобасымен соңғы төрт жылда 85 ауылда 222 жоба іске асырылған, соның нәтижесінде 200 мыңнан аса тұрғынның тұрмыс жағдайы жақсарған. Облыста жас мамандарды мемлекеттік қолдау шаралары мақсатты түрде орындалуда. Бұл ретте «Дипломмен ауылға» бағдарламасының маңызы зор. Атап айтсақ, 2009 жылдан бері білім, денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп салаларының 3405 маманына тұрғын үй сатып алуға жергілікті бюджеттен несие берілген. Тағы бір айтып өтерлігі, ауылдық жерлерге 130-дан астам дәрігер тартылса, оның 76-сы жас маман. Мұндай шаралар өңірдегі дәрігерлер тапшылығын 22 пайызға азайтқан. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 мектеп салу көзделсе, оның тоғызы жыл соңына дейін іске қосылады, ал қалған тоғыз мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі. Бұлар өз кезегінде үш ауысымда оқитын оқушылар мәселесін шешеді. Аудан, ауылдардағы балабақшалар саны да жылдан-жылға көбеюде. Жасалып жатқан жұмыстар барысында уақытша және тұрақты жұмыс орындары ашылған. Ақмола облысының табиғаты әсем, көрікті аумақ. Щучинск-Бурабай курорттық аймағына жыл сайын әлемнің әр түкпірінен миллиондай турист келетінін ескерсек, облыстың бұл саланы дамытуға баса назар аударатынын байқауға болады. Ақпарат көздері облыстың туристік кластеріндегі 600-ден артық кәсіпорында 23 мыңға жуық ақмолалықтың жұмыс істейтінін көрсетіп отыр. Туризмді дамытуға арналған инвестициялық жобалар өз кезегінде өңірде жұмыс орындарын көбейтіп, халықтың табысын арттыруға ықпал етеді. Жүзеге асырылып жатқан жұмыстар нәтижесі Ақмола облысында Президент тапсырмаларының жоғары деңгейде орындалып жатқаны мен өңір басшылығының «Басты міндет – халыққа қызмет» ұстанымын нық ұстанғандығын көрсетеді.

Т.СМАҒҰЛҚЫЗЫ, «Заң газеті»

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...