ЕҢБЕК ШАРТЫНА EGOV MOBILE АРҚЫЛЫ ҚОЛ ҚОЮҒА БОЛАДЫ

ЕGov Mobile мобильді қолданбасында ұйымдардың жаңа жұмыскерлері үшін жаңа сервис қолжетімді болып отыр. Енді пайдаланушылар жұмыс берушімен еңбек шартына тек қағаз түрінде ғана емес, смартфоннан да қол қоя алады. Бұл туралы «электрондық үкіметтің» операторы болып табылатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.

Енді жұмыс беруші https://hr.enbek.kz порталында өзінің жеке кабинетінде электрондық еңбек шартының жобасын жасайды және оны жұмыскерге келісу үшін жолдайды. Шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile мобильді қолданбасынан push-хабарламасын алған соң, жұмыскер өзінің жеке басын қысқа парольмен, мобильді қосымшадағы биометриялық дерекпен растап, рush-хабарлама арқылы өтеді. Ол жерде еңбек шартымен танысып, онымен келіссе, қысқа кодты енгізіп немесе биометриялық деректермен тексеруден өтіп, өзінің ЭЦҚ көмегімен қол қояды. Жүйе http://hr.enbek.kz порталындағы жұмыс берушінің Жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Жұмыс беруші электрондық еңбек шартына қолжетімді тәсілдердің бірімен ЭЦҚ немесе QR арқылы қол қояды. Жүйе қол қойылған электрондық еңбек шартын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) тіркеуге автоматты түрде жібереді, содан кейін шарт жасалған болып есептеледі. Егер пайдаланушыда мобильді қолданба орнатылмаған болса, бірақ мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген болса, оған қолданбаны жүктеуге сілтемемен, жаңа хабарламаның келіп түскені туралы ақпараты бар 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберілетін болады. Қолданбаға ең алғаш кірген кезде, пайдаланушыға жіберілген барлық хабарламалар шығып тұрады. Сервис іске қосылған сәттен бастап қол қойылған электронды еңбек шарттарының саны мыңға жуықтады. Қызметтің жаңа функционалы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті және ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды. 2015 жылғы 23 қарашада қабылданған Еңбек кодексінде еңбек шартына мынадай анықтама берілген. Еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес, жұмыскер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді. Ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы кодексте, Қазақстан заңдарында және Қазақстанның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. Өкінішке қарай, тұтынушылар арасындағы еңбек дауы көп жағдайда еңбек шарты жасалмағандықтан туындап жатады. Сондықтан еңбек шартына қол қоярда әрбір азамат өзінің құқығы мен міндеттеріне зор жауапкершілікпен қарауы керек.

Е.ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Азаматтық сот ісін жүргізудегі медиация рәсімінің маңызы мен қолдану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында құқықтық дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту мемлекеттік...

Әкімшілік әділетке 5 жыл: Азаматтар құқығын қорғаудың заңнамалық кепілдіктері

​2026 жылы Қазақстан Республикасында әкімшілік әділет институтының және оның...

«Жатырған» сөзінен құтылатын уақыт келген шығар…

Тіл – ұлттың жаны. Ақпарат ағыны көз ілеспес жылдамдықпен...

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

Профилактика перегрева в летний период: советы врача-гериатра по сохранению здоровья в жару

Жаркое лето для многих становится настоящим испытанием, особенно для...