Еңбегі ерен еріктілер

Қоршаған ортаны қорғауда еріктілер қызметінің маңызы артып келеді. Олар табиғатты қорғау, қала тазалығы және экологиялық жобаларды жүзеге асыру бағыттарында белсенді жұмыс істейді.

Алматыда еріктілер тұрақты түрде экологиялық бастамаларға атсалысып, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуда. Олар қала көшелері мен саябақтарын тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Экологиялық жәрмеңкелер мен қайта өңдеу акциялары да халық арасында үлкен қолдауға ие болуда.

Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисінің мәліметінше, қалада 50 000-нан астам ерікті жұмыс істейтін 30-дан астам ұйым бар. 2024 жылы олар 800-ден астам экологиялық және әлеуметтік шаралар ұйымдастырып, қоршаған ортаны қорғауға белсене атсалысты.

Еріктілер тек табиғатты қорғап қана қоймай, қоғамда экологиялық сананы қалыптастыруға да ерекше назар аударады. Олар тұрғындарға экологиялық өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіретін тренингтер өткізеді. Сонымен қатар, «Recycle Birge» және «EcoHub» секілді ұйымдар экологиялық акциялар ұйымдастырып, халықты табиғатты қорғауға шақыруда.

Ерікті болу – қоғамға пайдалы іс атқару ғана емес, қоршаған ортаға жанашырлық таныту. Алматы еріктілері экологияны жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып келеді.

Кассация соты: Ресми статистика мен жаңа реформаның алғашқы нәтижелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі ауқымды реформалар мен дербес кассациялық...

В учреждении максимальной безопасности области Абай состоялся турнир по мини-футболу среди осужденных

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...

«Заң және тәртіп»: Әскери соттардың құқық бұзушылықтың алдын алу тәжірибесі

Қазақстан Республикасында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025...

Қазақмыс кеніштердің өндірістік және тұрмыстық инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазған өңірінің...