Ең көп шығындалатын тұрғындар қай өңірде?

Ұлттық статистика бюросы халықтың орташа табысы мен шығысы жайлы статистика жариялады. 2024 жылдың II тоқсандағы қорытынды бойынша берілген дерекке сүйенсек, табысы да мол, шығысы да көп өңір Астана қаласы екен, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылдың 2 тоқсанында қазақстандықтардың шығыстары жан басына шаққандағы орташа есеппен  282,3 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 8,2%-ға жоғары. Ал халықтың ақшалай табысы жан басына шаққанда орта есеппен 330,4 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 16,5%-ға артық.

Қазақстан Республикасының өңірлері арасында 2024 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша Астана және Алматы қалаларының тұрғындары ең көп шығынданатыны анықталды. Жан басына шаққанда Астана тұрғындары айына 371,1 мың теңге, Алматы тұрғындары 374,3 мың теңге жаратады екен. Ең аз шығынданатын облыстар қатарында Түркістан мен Шымкент тұр. Бұл жақтарда халық айына орташа 191,1 мың және  218,9 теңге жаратады. 

Ал айлық табысы ең жоғары Астана қаласы екен. Өңір тұрғындары орташа есеппен 495,5 мың теңге табады. Тізімде екінші орында 430,3 мың теңгемен Қарағанды, үшінші орында 425,5 мың теңгемен Алматы тұр. Табысы аз өңірлер тізімінде  230,3 мың теңге көрсеткішімен Түркістан және 237,8 мың теңге көрсеткішпен Жамбыл облысы тұр.

Деректерге сүйенсек, халық шығындарының басым көлемі азық-түлікке жұмсалады. Орташа есеппен 145,7 мың теңге. Қазақстандықтар айына сыртта тамақтануға 6,3 мың теңге, темекі өнімдеріне 4,2 мың теңге, алкогольдік сусындарға 1,6 мың теңге, коммуналдық қызметтерге 14 мың теңге, білімге 3,6 мың теңге, денсаулыққа 4 мың теңге, байланыс қызметтеріне 9,6 мың теңге, бос уақытты ұйымдастыруға 3,6 мың теңге жұмсайды екен.

Несиелер мен қарыздарды өтеуге арналған шығыстар 2024 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша орта есеппен 19,4 мың теңге. Туыстары мен жақындарына материалдық көмек көрсетуге, сондай-ақ алимент өндіруге арналған шығыстар бірден 6,2 мың теңгені, салықтарға жұмсаған шығыстары 459 теңгені құраған.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.