12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ең бастысы, адам өмірін барынша сақтап қалдық — Тоқаев су тасқыны туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына тап болған қазақстандықтар тағы да бірлік пен ынтымақ рухын көрсеткенін атап өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Құтқарушылар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері және жастар – бәрі бірге жүр. Ортақ істен ешкім шет қалған жоқ. Бүкіл аймақта қоғамның барлық өкілдері бір кісідей жұмылды.

Отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созды. Бір-біріне шынайы жанашыр болды. Мен қарғын сумен күресуге зор үлес қосқан нағыз отаншыл азаматтарға шексіз ризамын.

Біз сын сағатта жұрт болып жұмылдық. Үкімет, мемлекеттік органдар, құзырлы мекемелер және еріктілер бірлесе жұмыс істеді. Соның арқасында 119 мыңнан астам адам дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 45 мыңға жуығы – балалар. Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талғардағы бір көшеге Шерзаттың атын беру ұсынылды

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың атына көше беру ұсынылды. Бұл туралы осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Ақша аударымдарына бақылау күшейеді: не білу керек?

Банктер салық органдарына қазақстандықтардың шоттары және олардағы ақша қалдықтары туралы ақпаратты беріп отырады.

На пороге масштабной реформы

ЕЖЕГОДНОЕ ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА КАЗАХСТАНА КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА НАРОДУ СТРАНЫ ОЗНАМЕНОВАЛОСЬ ИСТОРИЧЕСКИМ ПРЕДЛОЖЕНИЕМ – ПЕРЕХОДОМ ОТ ДВУХПАЛАТНОЙ ЗАКОНОДАТЕЛЬНОЙ СИСТЕМЫ К ОДНОПАЛАТНОМУ ПАРЛАМЕНТУ. ИНИЦИАТИВА МОЖЕТ ПОЛНОСТЬЮ ИЗМЕНИТЬ ПОЛИТИЧЕСКИЙ ЛАНДШАФТ СТРАНЫ, ВЫЗЫВАЕТ ШИРОКИЙ РЕЗОНАНС КАК В ГОСУДАРСТВЕННЫХ КРУГАХ, ТАК И СРЕДИ ЭКСПЕРТОВ, ПОЛИТИКОВ И ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА.

Зейнетақы жинағын заңсыз алған қазақстандықтарға не болмақ?

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысында ауқымды тергеу жүргізіп жатыр.

Елімізде ақылы жолдарда жүру ережесі өзгерді

15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы жолдарда төлем ережелері өзгерді.