Энергетикалық сусын жастарды жалмап барады

Соңғы жылдары энергетикалық сусындарға сұраныс айтарлықтай артты. Əсіресе, студенттер, кеңсе қызметкерлері, жүргізушілер мен түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар сергектік сыйлайды деген үмітпен бұл сусындарды жиі тұтынады. Алайда мамандар қысқа мерзімді сергектік ұзақ мерзімді денсаулық мəселелеріне əкелуі мүмкін екенін ескертеді. Энергетикалық сусындардың негізгі құрамында кофеин, таурин, қант жəне түрлі стимуляторлар болады. Олар орталық жүйке жүйесін уақытша белсенді етіп, адамның өзін сергек сезінуіне ықпал етеді. Бірақ бұл əсер қысқа уақытқа ғана созылады. Кейін ағзада əлсіздік, шаршау, мазасыздық пайда болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметінше, кофеинді шамадан тыс пайдалану жүрек қағысының жиілеуіне, қан қысымының көтерілуіне, ұйқының бұзылуына жəне жүйке жүйесінің қажуына себеп болуы ықтимал. Əсіресе, жасөспірімдер мен жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар үшін мұндай сусындардың қау пі жоғары. Мамандардың айтуынша, энергетикалық сусындарды алкогольмен бірге пайдалану да аса қауіпті. Себебі адам өзін сергек сезінгенімен, алкогольдің ағзаға əсері сақталады. Бұл жағдай жолкөлік оқиғаларының, түрлі жарақаттардың жəне улану қаупінің артуына əсер етуі мүмкін.

Кардиолог дəрігер Айгүл Қасымованың айтуынша, энергетикалық сусындарды тұрақты тұтыну жүрекке қосымша салмақ түсіреді.

– Энергетикалық сусындар жүрек соғу жиілігін арттырып, қан қысымын көтеруі мүмкін. Егер адам оларды күнделікті ішетін болса немесе бірнеше құтыны қатарынан пайдаланса, жүрек ырғағының бұзылуы мен қан тамырларына түсетін жүктеме күшейеді. Əсіресе, жасөспірімдер мен жүкті əйелдерге мұндай өнімдерді тұтынбауға кеңес береміз, – дейді маман. Дəрігердің сөзінше, ағзаны сергітудің ең тиімді жолы – жеткілікті ұйқы, дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу жəне тұрақты дене белсенділігі. Қазақстанда да энергетикалық сусындарды тұтынуға қатысты талаптар кезең-кезеңімен күшейтіліп келеді. Бұл халық денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Мамандар энергетикалық сусындарды шаршаудың шешімі ретінде емес, сирек қолданылатын өнім ретінде қарастыруға кеңес береді. Себебі бір сəттік сергектік денсаулыққа ұзақ мерзімді қауіп төндіруі мүмкін.

Дария БАТТАЛОВА

Сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттері

Сот жүйесінің тиімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...

Судья әдебі – кәсіби жауапкершіліктің маңызды бөлігі.

Судья – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтары мен...

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...