12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Энергетика вице-министрі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысына дайындық барысын тексерді

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жоспарланған учаскеге жұмыс сапарымен барды. Сапар мақсаты — энергетика саласындағы еліміздің ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі бойынша құрылыс кезеңіне дайындық барысын бақылау.

Сапар барысында вице-министр құрылыс-монтаж жұмыстарының кезеңдерімен танысып, мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Сондай-ақ, олармен логистика, техникамен қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдармен үйлестіру мәселелерін талқылады. Ерекше назар жұмыс кестесінің сақталуына, құрылыс сапасына және нысандардың техникалық дайындығына аударылды.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісін іске асыру — еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие және отын-энергетика кешенінің орнықты дамуы саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты», — деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.

Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Нәтижесінде газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 млрд текше метрге дейін артады. Бұл еліміздің оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлерін тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жоба Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар Мемлекеті Үкіметі арасындағы келісім аясында катарлық инвестормен бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Катарлық инвесторға Қазақстан тарапынан және QazaqGaz компаниясы арқылы жобаны сәтті іске асыру үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

9-14 мамыр аралығы Алматы облысында Халықаралық «Ұлы дала жорығы»...

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға...

Полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша 1500-ден астам жаднама таратты

Түркістан облысының тәртіп сақшылары халық арасында интернет-алаяқтық тәуекелдері мен...