ЭНЕРГЕТИКА МАМАНЫНА ЕЛ РАЗЫ

25 өтілі бар теміржолшы – энергетик Асқар Қоспанов 1967 жылы 16 тамызда Ақмола облысының Зеренді ауданында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Бала кезінен ол жауапкершілігі жоғары, бір әпкесі мен үш інісіне аса қамқор болып ержетті. Орта білімін Қызылсая ауылының мектебінде алды, 1984 жылы мектеп бітіргеннен кейін Кеңес Армиясының қатарына шақырылды. 1989 жылы отбасын құрды. Бүгінде жұбайы Әлия Қалымтайқызымен екеуі сұлу қыздары Айғаным мен Меруертті тәрбиелеуде.

Теміржол саласындағы еңбек жолын 1997 жылы Көкшетау электрмен жабдықтау – ЭЧ-1 теміржол станциясында электромонтер лауазымында бастады, бұл электрмен қамтамасыз етудің ең төменгі сатысы деп айтуға болады. Дәл осы қызметте біздің кейіпкеріміз өз мамандығын тереңінен зерттеді, теміржолдың қыр сырымен танысты, үлкен кәсіби тәжірибе жинады. Әрі қарай, ол ЭЧ-6-да аға электр механизаторы болып жұмыс істеді. 2007 жылы Жаңа-Есіл станциясына электрмен жабдықтауЭЧ-7 учаскенің бастығы болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы лауазымды аса жауапкершілікпен абыройлы атқарып келеді. Теміржол саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған, оның ішінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған медаль, «Кәсіп үздігі» төсбелгісі және ерен еңбегі үшін медалі бар. – Электрмен жабдықтау саласы елдің теміржол қозғалысының басым бағыттарының бірі. Біздің жұмысымыз ерекше жауапкершілікті талап етеді, мамандарымыз қырағылық және адалдықпен қызмет етуге тиіс. 25 жыл ішінде мен еңбек жолының барлық сатыларынан өттім. Ол үшін темір жолдарды электрмен жабдықтау саласын терең зерттедім. Бүгінгі таңда менің міндетіме Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысына, Қостанай және Ресей Федерациясына кететін барлық пойыздарды электрмен толық қамтамасыз ету кіреді. Біз өндірістік жұмыстарды ұйымдастырып, мамандарға тиесілі тапсырма береміз. Жаңа-Есіл станциясының цехында 13 адам жұмыс істейді, олардың барлығы мемлекет бекіткен талап бойынша жұмыс істейді, осылай пойыздардың тиісті қозғалысын қамтамасыз етуде. Кейде біздің жұмысымыз қауіпті болуы мүмкін, өйткені өмірге тікелей қауіп төнетін кездер болады, электр энергиясын кейде болжау мүмкін емес, бірақ біз бекітілген ережелер бойынша жұмыс істейміз және әрқашан өз жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз, – дейді Асқар Балтабайұлы. Айта кету керек, кәсіби энергетик өз жұмысын жақсы атқарып қана қоймай, ұжымның қоғамдық және спорттық өміріне де белсене қатысады. Жақында теміржолшылар арасында бильярд бойынша республикалық турнир өтті, онда Асқар Коспанов қарсыласын асқан шеберлікпен жылдам жеңіп, тамаша ойын көрсетті, ол үшін «Ең қысқа уақытта жеңіске жеткен ойыны үшін» номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды. Сүйікті жар, қамқор әке, ата қиын жұмыс пен тығыз кестеге қарамастан, жақындарына да уақыт бөлуге тырысады. Оған қыздарының мына лебізі дәлел. – Әкеміз біздің болашағымыз үшін өмір бойы тыным таппай еңбек етіп келеді. Бізді де бала кезден жауапкершілік пен еңбекке баулыды. Оның осындай мықты қасиеттерінің арқасында біз де өмірде өз жолымызды таптық. Әкемізге басымызды иіп, мың алғыс айтамыз! – деді қызы Айғаным. Біздің кейіпкеріміз Асқар Қоспанов еңбек ететін ЖаңаЕсіл станциясы 2007 жылы құрылған. ҚТЖ хабарлағандай, бүгінгі таңда энергетиктердің табысты жұмыс істеуі үшін көптеген жаңа материалдар келіп түсуде: сымдар, тіректер, қысқыштар, трансформаторлар, сол арқылы учаскелерді бірқалыпты жаңғырту жүріп жатыр. Айта кету керек, Жаңа-Есіл электрмен жабдықтау қашықтығында Янко тартқыш қосалқы станциясында қуаты 25.000 кВА ТП220кВ трансформаторын ауыстыру жүргізілді. Сондай-ақ биыл қызметкерлерді жұмыс орындарына жеткізу үшін 15 жаңа автокөлік алынды. Өткен жылы санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жасау үшін 12 ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді, бүгінде тағы 12 ғимаратқа жоспарлы жөндеу жүргізіліп жатыр.

Бақыт ЖҰМАБАЙ

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...