Енді қазақстандықтар мерзімі өткен айыппұлдар үшін артық төлем жасамайды

Бұдан былай қазақстандықтардың мүлкіне төлеу мерзімі өтіп кеткен айыппұлдарға байланысты бұғат қойылмайды. Енді төлеу мерзімі біткеннен кейін азаматтарға төлем туралы ескертетін хабарлама барады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, жаңа жоба жолға қойылған.

«Бұрын қалай болды? Егер сізге «Сергек» камерасы бойынша айыппұл келсе және оны 50 күн ішінде төлей алмасаңыз, онда сіздің айыппұлыңыз ЖСО-ға (жеке сот орындаушы — еск.) өтетін. Келесі кезекте сот орындаушысы бұғат қояды, содан кейін ол айыппұлдың 25 пайызына дейін өндіріп ала алады.

Ең аз есептеулер бойынша, осы роботтың арқасында жыл сайын азаматтардың 2,2 миллиард теңгесін үнемдейміз. Енді 50 күн мерзімі өтіп кетсе, оған SMS және push-хабарлама жібереміз. Қандай да бір банктің мобильді қосымшасын пайдаланатын болса, сол жаққа да жібереміз. Мұның бәрі азаматтардан қосымша төлем алынбас үшін жасалады. Енді мұның бәрін робот тегін жасайды. Бұл сома — 25 пайыз болмайды», — деп түсіндірді Молдабеков ОКҚ брифингінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.