Емші бала Ерболсын үйленді

Қызылордалық емші бала Ерболсын Серікбай бойдақты өмірмен қоштасты. Үкілі бала ақ құсын қолына қондырды, деп жазады stan.kz.

Ерболсын Серікбай шаңырақ көтерді. Емші бала бұған дейін де үйленетінін бірнеше рет айтқан еді. «Бәріне сәлем. Ең алдымен Аллаға шүкір етем. Маған жарық дүниені көрсеткені үшін тәубе деймін. Маған бар жақсыны берген, тәрбиелеген ата-анама алғыс айтам. Менің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамым. Осы таңдауды жасауға қолдау көрсеткен барша туысыма, жақындарыма рахмет. Мадикош, Алла біздің өмірлік жолымызды ұзағынан қылсын. Әмин», — деп жазды Ерболсын парақшасында.

Емші бала қалыңдығымен бірге түскен суретін жарялады.

Көпшілік ақ батасын айтып, құтты болсын десті.

«Көтеріп жатқан шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын! Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын», «Шаңырақтарын құтты болсын», «Бақытты болыңдар, бақтарың ашылсын», «Өмірлерің ұзақ, бақыт сәттерің көп, бала-шағаларың көп болсын, «Өмірлік қадамың құтты болсын», — деп жазды көпшілік.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...