Емханаға тіркелу: министрлік жаңа ережені енгізді

Қазақстанда емханаға тіркелудің жаңа ережелері пайда болды. Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына (МСАК) тіркелу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін бұйрық жобасын әзірледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жобаға сәйкес өзгерістер студенттерге, әскерге шақырылғандарға және кәмелетке толмағандарға қатысты:

Студенттер: университеттер мен медреселерде оқитын резидент емес студенттер электронды үкімет порталы немесе қағаз түрінде жақын жердегі емханаға тіркеле алады. 18 жасқа толмаған студенттер үшін заңды өкіл қажет болады. 18 жастан асқан студенттер нақты тұрғылықты жері бойынша да, оқу орнының орналасқан жері бойынша да өз бетінше тіркеле алады.

Әскерге шақырылушылар: Әскерге шақырылатын жастар үшін электронды портал арқылы немесе қағаз түрінде тіркеу мүмкіндігі де болады.

Кәмелетке толмағандар: енді ата-аналар мен қамқоршылар балаларды нақты тұрғылықты жері бойынша емханаға орналастыра алады, бұл Денсаулық сақтау министрлігінің жоспарына сәйкес тіркелген жерінде тұрмайтын отбасылардың медициналық қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетеді.

Жыл сайынғы тіркелу науқанының уақыты да бұрынғыдай 15 қыркүйек пен 15 қараша емес, 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін өзгереді.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.