Елордалық ҚАЖ Департаментінде Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Дәстүр бойынша салтанатты рәсімді Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының орындалуымен және қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқандарды бір минуттық еске алу үнсіздігімен басталды. Бүгін Қазақстан полициясының 32 жылдығын тойлауда. Бейбіт уақытта Қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін адал жұмыстары мен өз өмірлерін арнаған барлық қызметкерлер әрқашан жадымызда.

Осы таңда өзінің ерлік іс-әрекетімен Отан алдында борышын адал атқарған қызметкерді атап айтқымыз келеді. Алайда, өкінішке орай ол біздің қатарымызда болмағанымен, ол туралы естелік ойымызда өмір сүруі керек. Жас сержант Кужамуратов Эдуард түрмеде өлім жазасына кесілген сотталған қашу кезінде тосқауыл болып, ерлікпен қаза тапты. Аталған жан түршігерлік оқиға 26 жыл бұрын болған. Оның құрметіне 2019 жылы №64 мекемесіне ескерткіш қойылғаны туралы Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы Дәулет Рахымбеков өз мерекелік құттықтау сөзінде атап өтті.

Сондай-ақ ардагерлерді де олардың елеулі еңбектері үшін, жас буын қызметкерлерге дұрыс бағыт-бағдар беріп жүргендеріне алғысын білдіріп, Қазақстан полицейлер күнімен құттықтады. Бұл ерекше күні сізге Отан алдында адал атқарған қызметтеріңізге алғыс білдіріліп,  ардагерлер мен өзіндік қызметтік міндеттерін бұлжытпай орындаған қызметкерлер марапатталады. ҚР Ішкі істер Министрінің келісімімен ҚАЖД қызметкерлері «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, алғыс хаттар мен грамоталар марапатталды. Департамент бастығының келісімімен ардагерлер, ҚАЖД қызметкерлері мен олардың ата-аналары алғыс хаттар және грамоталармен марапатталды. Салтанатты марапаттаудан кейін, мерекелік концертке ұлғасты.

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

Профилактика перегрева в летний период: советы врача-гериатра по сохранению здоровья в жару

Жаркое лето для многих становится настоящим испытанием, особенно для...

Ата Заң – айбынымыз

Ата заң – мемлекеттің негізгі әрі ең жоғары заңы....

СОТ АШЫҚТЫҒЫ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ

Қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен тұрақты дамуының басты...

Медиация және татуластыру рәсімдері – дауларды бейбіт жолмен шешудің тиімді тетігі

Қоғамдағы құқықтық қатынастардың дамуына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар...