Елордалық қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өрт-техникалық сабақ өткізілді

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің N°3 мекемесінде N°7 ӨСБ-мен «Қыс мезгілінде мекемеде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында бірлескен өрт-техникалық сабағы өткізілді. Бұл оқу-жаттығудың негізгі мақсаты қатысушылардың жауапкершіліктерін арттыру және жұмыс орындарында жеке құрамның қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ете білу болып табылады.

Атап өтер жайт, тілсіз жаудан ешкім сақтандырылмаған. Кез келген сәтте кез келген жан өртпен бетпе бет келуі мүмкін. Сондықтан жалпы өрттен сақтандыру шараларын қоғамның кез келген мүшесімен өткізу қажет ақ. Соның ішінде қапаста отырған азаматтар мұндай сәттерде өзін қорғансыз сезінбеуі керек. Түзету мекемесі жабық мекеме болғанымен ол жерлерде де төтенше жағдай кезінде барлық өқауіпсіздік шаралары қарастырылған. Мәселен өрт жағдайында мекемеден шығып, сол мекеме аумағындағы ашық алаңқайларда қауіпсіздік шарасын сақтауға болады. Сондай ақ өрттің алдын алу мақсатында белгілі бәр әрекеттер жасауына мүмкіндігі бар. Сондықтан төтеншелік мамандар өткізге бұл оқу жаттығу жұмыстарының маңызы зор.

Оқу-жаттығу мекеменің карантин бөлімінде өтті, мекеме қызметкерлерінің әрекеттері тексерілді. 25 минут ішінде өрт оқшауланып, сөндірілді. Карантин бөлімшесіндегі барлық сотталған азаматтар уақытылы эвакуацияланды. Сонымен, қатар мекеме қызметкерлерінен бөлек жазасын өтеп жүрген сотталған азаматтардың арасында өрт қауіпсіздігіне жауапты дружинасы отпен жұмыс істеудің жоғары шеберлігін көрсетті. «Осындай оқу жаттығулардың арқасында мекеме қызметкерлерінің төтенше жағдайлар орын алғанда дұрыс және жылдам әрекет ете білуі өте маңызды. Бас бостандығынан айрылғанымен кез келген азаматтың мұндай төтенше жағдай кезінде әрекет етуге мүмкіндігі бар. Осы орайда біз олардың мұндай қоғам қажеттіліктерінен қалыс қалмауын үнемі назарда ұстаймыз. Осы орайда өрт қауіпсіздігі ережесінің де алдын алудың маңызы зор» — деді мекеменің режим бөлімінің бастығы әділет майоры Мақсат Шакерұлы Баймулдинов.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...