Қазіргі уақытта мекемеде 500-ден астам сотталған жазасын өтеуде, оның ішінде 115 сотталған намаз оқиды.
Сотталғандардың осы санатымен тұрақты негізде теология бойынша профилактикалық жұмыстармен діни сабақтар жүргізіледі. Сотталғандармен жұмыс жүргізу үшін «Ақниет» үкіметтік емес ұйымының және Астана қаласының «Діндерді зерттеу орталығы» теолог мамандары щақырылады, сондай-ақ сотталғандармен ауызша түрде сұхбат жүргізіліп, бейнематериалдар көрсетіледі. Сұхбат барысында діни экстремизмнің пайда болу себептері мен қауіптері, оның алдын алу тәсілдері, сотталғандарға психологиялық әсер ету нысандары мен әдістері, Құранды түсіндіру және Ислам мәдениетінің қалыптасу тарихы туралы тақырыптар талқыланады.
«Сотталғандармен жұмыс істеуде олардың ойлары мен сенімдерін дәстүрлі ағымға бағыттау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өте маңызды рөл атқарады»,- деп сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі топтың инспекторы әділет аға лейтенанты Әлихан Ахмет мәлімдеді.


