Елордада түрмеге гашиш лақтырмақ боғандар ұсталды

ЕЦ-166/5 мекемесінің қызметкерлері 6505 әскери бөлімінің әскериқызметкерлерімен бірлесе отырып, мекемеге жақын орналасқан жерде күдікті азаматтарды ұсталды. Белгілі болғандай, аталған азаматтар мекеме аумағына политендік пакетке оралған сұрғылт-жасыл түстес затты лақтырмақ болған, жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат жалпы салмағы 107,45 грамм құрайтын «гашиш» есірткісы болып шықты.

Кәзіргі таңда аталған азаматтарға қатысты ҚР қылмыстқ кодексінің 297 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға бұл іс әркеттері үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығыныан айыру жазасы қолдануы мүмкін.

ЕЦ-166/5 мекемесінің бастығының жедел-режимі жұмыс жөніндегі орынбасары Арман Сыздыковтың айтуы бойынша жыл басынан бастап, жалпы салмағы 80 граммға жуық есірткінің мекеме аумағына кіргізбек болған іс-әрекеттердін жолы кесілді. Бұл бағытта алдағы уақыттада жұмыстар өз жалғасын табады.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...