Елордада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған екі ресейлік ұсталды

Астанада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған екі ресейлік ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Ресейдің екі азаматы Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Істі тексеру барысында 21 және 28 жастағы жастардың Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аймағында және жағалау маңында ұшқышсыз ұшақтарды ұшырғаны анықталған.

Азаматтардың квадрокоптерді пайдалануға рұқсаттары болмаған.

«Құқықбұзушылықтар ақпаратты есепке алу кітабына тіркеледі. Қазіргі уақытта материал заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жіберілді. Аталған тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Астана қаласының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді», — делінген хабарламада.

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...

Сокращенное производство в уголовном судопроизводстве

Судебное разбирательство в сокращенном порядке в уголовный процесс был...