Елорда колониясындағы консультативтік кездесулер

ҚР ІІМ ҚАЖК № 3 мекемесінде ЕжТО бойынша аға инспекторы, әділет аға лейтенанты А.М.  Утелбаевпен Жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен бірлесіп, босатылатын сотталғандарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде өткізіліп, оң нәтижесін беруде.  Кездесу барысында босатылатындарға құжаттарды қалпына келтіру, кәсіп табу, жұмысқа орналасу жолдары айтылды. 

«Мұндай түрдегі консультативтік кездесулер тұрақты сипатқа ие болады», — деді ҚР ІІМ ҚАЖК «№3 мекеме» бастығы, әділет майоры  Н.Е. Ажиханов

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...