12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер ертең, 21 желтоқсанда елдің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-18 метрге жетеді.

Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жолдарда көктайғақ.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15 м/с болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарда тұман. Батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда қарлы қатқақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматыда кей уақыттарда тұман, жолдарда қарлы қатқақ болады.

МӘМС-тен МӘН КЕТТІ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың төңірегінде былық көп. Оның қазіргі жүйесі су ішіндегі тесік қайықтың суын төге берумен пара-пар.

Тағы да қымбатшылық: Ақпаннан бастап не өзгереді?

Жылдың ең қысқа айы ақпанда қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр.

ҚМДБ: Рамазан айының басталуына 30 күн қалды

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қасиетті Рамазан айының басталуына 30 күн қалуына орай дәстүрлі күн сайынғы хабарлама таратуды бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі музейге “Ұлттық“ мәртебе берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі музейге "Ұлттық" мәртебе берді.

Мобильді аударымдарды бақылау: 255 мың теңге шекті көрсеткіш бола ма?

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда айына 255 мың теңгеден басталатын мобильді аударымдарды бақылау туралы сұраққа жауап берді.