Еліміздің оңтүстігінде түнде жер сілкінісі тіркелді

104

Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінісі тіркелді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпуі 6 қазанда Астана уақыт бойынша сағат 01:29-да Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.

«Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі — 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 13.3, магнитудасы — 5.9», — деп жазылған хабарламада.

Ең жоғары балл мына өңірлерде тіркелген:

  • Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы — 4 балл;
  • Жамбыл облысы Тараз қаласы — 4 балл;
  • Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы 4 балл;
  • Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы 4 балл;
  • Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы 4 балл.