12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Еліміздің еңбеккерлері «300 қайраткер» кітабында топтастырылды

2024 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялаған болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Жұмысшы мамандықтарының жылы қоғамымызда қажырлы еңбек пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге көмектеседі. Адал еңбек етуге ынталы жандарға мемлекет қашанда болмасын қолдау көрсетеді. Бұл «Адал еңбек – Адал табыс» қағидасына толық сәйкес келеді және Әділетті Қазақстанды құрудың іргелі факторларының бірі болып табылады. Сондықтан қазіргі таңда елімізде еңбек ерлері барынша дәріптелуде. Соның бір мысалы жақында ғана «300 қайраткер» кітабы жарық көріп, оған еліміздің әр саласында еңбек етіп жүрген тұлғалар топтастырылған болатын.

Атап айтар болсақ, Искакова Курбанай Асанбекқызы
Алтын қолды хирург, ұлт мақтанышы, Денсаулық сақтау саласының үздігі.

Муралиева Сауле Бақытжанқызы
Қалпына келтіру мен оңалтудың білікті маманы, Ел Жанашыры, “Алтын Адам”-2025 номинациясының иегері!

Ахметова Гүлнәз Өкенқызы
“Өкен” құрылыс компаниясының негізін қалаушысы, “Намыс”төсбелгісінің иегері.

Абантаева Толғанай Қылышқызы
Білім саласына шын берілген қайраткер ұстаз, ұрпаққа жол сілтеген жарық жұлдыз, Батыр Шапағаты медалінің иегері, Ел Жанашыры!

Ауельбаева Айгүл Жұмабекқызы
Заң ғылымдарының магистрі, білікті заңгер, қоғам қайраткері, Бауыржан Момышұлы атындағы “Батыр Шапағаты” медалінің иегері.

Сара Айдарқызы Байбекова
Провизор, денсаулық сақтау магистрі, «Ел жанашыры» медалінің иегері.

Айна Каримова
Кәсіпкер, қоғам белсендісі, Ел Жанашыры. Қазақстан Республикасының құрметті азаматы төсбелгісінің иегері

Қаныбеков Пердебай Қарсыбайұлы
Ардагерлер Одағының (Тәжік-Ауған шекарасында ұрыс қимылдарына қатысушылардың) Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы, Қарасай ауданы бойынша филиалының төрағасы.

Амирбекова Раиса Серікбайқызы
Кәсіпкер, Меценат, Ел Жанашыры, “Алтын Адам”-2025 жыл номинациясының иегері

Смадиева Аселя Ғаниқызы
Кәсіпкер, “Іргелі және қолданбалы математика» мамандығы бойынша PhD докторы, Математика және математикалық модельдеу институтының ғылыми қызметкері, «DVS Stroy» құрылыс компаниясының басшысы!

Адал, қажырлы еңбек арқылы жетістікке жеткен азаматтар қашанда құрмет пен ықыласқа бөленеді. Өз саласының мамандарының арқасында ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасуда. Сондықтан да мемлекет еңбек адамдарының жағдайын, түрлі саладағы жұмысшы мамандықтары мен мамандардың беделін көтеру үшін дәйекті шараларды қолға алуда. Осындай шаралардың бірі  азаматтарға құрметті атақтар беру болып табылады. Сондықтан елімізде мамандарғ,а арналған атақтар да қалыптасуда. Осы орайда «300 қайраткер» кітабының авторы Динара Бердімұрат «Еліміздегі еңбеккерлерді қолдау, елімізді қолдау» дейді.

Жанар Бегімбет

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...