Еліміздегі студенттердің 65 пайызы қазақша оқиды

2025-2026 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 116 жоғары оқу орны жұмыс істеді, ондағы студенттердің жалпы саны 678,1 мың адамды құрады, оның 52,5% – әйелдер. Биылғы оқу жылында қабылданған студенттер саны 208,9 мың адамды құрады, оның 51,7% – әйелдер. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда оқуға түскен студенттердің саны  13,7% өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғары оқу орындарының 42,2% мемлекеттік меншікте, 56% – жеке меншікте, 2 жоғары оқу орны шетелдік меншікте. Студенттердің жартысынан көбі (49,9%) мемлекеттік жоғары білім беру ұйымдарында, жеке ұйымдарда – 49,5%, шетелдік ұйымдарда – 0,6% оқиды.

Білім алушылардың 65,6% қазақ тілінде, 24,8% – орыс тілінде, қалған 9,6% – шет тілдерінде жоғары білім алып жатыр.

Жас құрамы бойынша білім алушылардың негізгі үлесі, яғни 69,5% 17-20 жас аралығындағылар. Сондай-ақ студенттер арасында 15 жастағы 25 адам және 40 жастан асқан 11 822 білім алушы бар.

Мамандықтар бөлінісінде биыл оқуға түскендердің негізгі үлесі педагогикалық ғылымдарды таңдаған – 25,4%. Екінші орында инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы мамандықтары – оқуға түскендердің 16,3%, үштікті бизнес, басқару және құқықпен байланысты мамандықтар бойынша оқуға түскендер түйіндейді – 14,1%.

Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандықтарын таңдағандар да басым, онда оқуға түскендердің 11,3%.

Басқа аймақтардан келіп оқуға түскен студенттердің жалпы саны 364,5 мың адамды құрады. Жатақханаға мұқтаж студенттер саны – 115,6 мың адам, оның ішінде 95,3 мың студент жатақханаға орналасқан.

Биылғы оқу жылында жоғары білім алу үшін Қазақстанды негізінен Түрікменстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан және Ресей азаматтары таңдаған.

Айта кетейік, өткен оқу жылында ЖОО-дан 63,3 мың студент оқудан шығып, 152,8 мың адам оқуын аяқтаған.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша 2025-2026 оқу жылының басында өткен жылдармен салыстырғанда магистранттар, докторанттар және резидент дәрігерлер саны өскен.

Магистранттардың жалпы саны – 42 613 адам, оның ішінде 23 328 адам немесе 54,7% – әйелдер. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 20 714 адам немесе магистранттардың жалпы санының 48,6% оқиды, тағы 20 374 адам немесе магистранттардың 47,8% ақылы білім алады.

Резидентура тыңдаушыларының жалпы саны 9 631 адамды құрайды, оның ішінде 6 044 адам немесе 62,8% – әйелдер.

Докторанттардың жалпы саны – 9 491 адам, оның ішінде 5 789 адам немесе 61% – әйелдер. Бейінді бағыт бойынша докторанттар саны 455 адам және философия докторанттары (PhD) – 9036 адам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Аида Балаева Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Аида Балаева Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды 

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Алматыда қамауға алынды.

Елімізде БЖЗҚ-ның жеткіліктілік шегі өзгереді

Бір күн қалды - Қазақстанда БЖЗҚ-ның жеткіліктілік шегі өзгереді.

Көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы көлемі жарияланды 

Бүгінде әлеуметтік қолдау ауқымы миллиондаған адамды және жүздеген миллиард теңгені қамтып отыр.